Қазақстан 2022-2024 жылдарға ЭКОСОС мүшесі болып сайланды

Қазақстан 2022-2024 жылдарға ЭКОСОС мүшесі болып сайланды

Қазақстан 2022-2024 жылдарға арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) құрамына кірді. Бұл орган БҰҰ-ның алты басты органдарының бірі болып табылады, Ұйымның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметін үйлестіреді, үш жыл мерзімге сайланатын 54 мүше елден тұрады. Кеңес құрамында Қазақстан тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарын тиімді іске асыру және Орталық Азиядағы неғұрлым маңызды гуманитарлық мәселелерді шешу үшін халықаралық қаржы және сауда ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге ниетті.