Исламабад, 2021 жылғы 20 мамыр – Исламабад Стратегиялық Зерттеулер Институтына (ИСЗИ) жолыққан Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Уақытша Сенімді Өкілі Арман Тыныбек ИСЗИ сарапшылары мен Қытай бір топ ғалымдарының қаламынан шыққан «Higher than Karakoram: Seven Decades of Pakistan-China Partnership» («Төбесі Қарақорымнан да аса түскен: Жетпіс жылға созылған тарихы бар Пәкістан-Қытай әріптестігі») атты кітабының тұсаукесу рәсіміне қатысты.
Кітаптың жарыққа шығуы 2021 жылы екі елдің Пәкістан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орналғанының 70 жылдық мерейтойын атап өтуіне арналған.
Іс-шараға Пәкістан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сохейль Махмуд және Қытайдың Пәкістандағы Елшісі Нонг Ронг да ортақтас болды.