Қазақстан Елшісі әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Елшісі әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ИСЛАМАБАД, 2021 ж., 10 ақпан - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі А.Рахметуллин Пәкістан Біріккен штабтар бастыктары комитетінің төрағасы генерал Надим Разамен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Генерал Надим Раза Қазақстан мен Пәкістанның әскери ведомстволары арасындағы қатынастарды жоғары бағалап, тараптар дәстүрлі түрде қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Өз кезегінде, А.Рахметуллин қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерін заман талабына сай дамыту жолындағы жұмыстардың мақсатты түрде жүргізіліп жатқанын баса айтты. Осы орайда, жауынгерлік және арнайы операцияларды жүргізуде үлкен тәжірибесі бар Пәкістан армиясымен әскери ынтымақтастыққа үлкен мән берілетінін айтты.