Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі Қазақстанда өтетін парламенттік сайлау бойынша БАҚ үшін брифинг өткізді

Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі Қазақстанда өтетін парламенттік сайлау бойынша БАҚ үшін брифинг өткізді

Исламабад, 2020 жылғы 28 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі Пәкістанның БАҚ, ғылыми және эксперттік орталары үшін Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлауға арналған брифинг өткізді. Брифинг барысында Пәкістан университеттерінің жетекші ғалымдары мен профессорлары атынан негізгі баяндамашылар сайлау қарсаңындағы Қазақстандағы саяси жағдай туралы өз ойларын ортаға салды. Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі А.Рахметуллин қатысушыларды саяси процестерді одан әрі нығайтуға бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан институционалдық реформалар туралы хабардар етті. Қатысушылар Елбасы Н.Назарбаевтың маңызды үлесін және Президент Қ.Тоқаевтың елді өңірлік және жаһандық көшбасшыға айналдырудағы күш-жігерін атап өтті.