
Исламабад, 2026 жылғы 17 тамыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Ислам Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Мұртаза Солангимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, екі елдің медиа қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударды.
Елші М. Солангиге көрсетіп келе жатқан қолдауы және Қазақстан мен Пәкістанның бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың осы жылғы ақпан айында Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдер мен меморандумдарды практикалық тұрғыда іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаласты.