
Исламабад, 2026 жылғы 29 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Төраға Харун Әли Хан бастаған Пәкістанның химиялық өнімдерін өндірушілер қауымдастығының делегациясын қабылдады.
Кездесу барысында тараптар химия саласындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын талқылады. Қауымдастық басшысы Пәкістан компаниялары шығаратын қызметтің негізгі бағыттары мен өнімдері туралы айтып берді. Қазақстанға экспортты жолға қоюға, сондай-ақ химия саласын ұсынатын отандық өндірушілермен бірлесіп кәсіпорындар ашуға қызығушылық білдірілді.
Өз кезегінде Елші Е.Қыстафин сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі туралы айтып берді. Елші Қазақстанның инвестициялық ахуалына, бизнесті жүргізу үшін қолда бар іскерлік мүмкіндіктерге және құрылған қолайлы экожүйеге жеке тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қауымдастық төрағасы мен мүшелері ағымдағы жылы Қазақстанға келуге ниет білдірді.