
Астана-Исламабад, 2026 жылғы 10 шілде - Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Ұлттық Банкімен және Пәкістан Мемлекеттік банкімен бірлесіп ұлттық валюталарда айырбастаудың ресми бағамдары белгіленді.
Ү.ж. 8 шілдесінде Қазақстан Ұлттық Банкі 1,68 PKR/1 KZT есебімен Пәкістан рупиясына қазақстандық теңгенің ресми бағамын жариялады (https://nationalbank.kz/en/exchangerates/ezhednevnye-oficialnye-rynochnye-kursy-valyut), ал ПИР Мемлекеттік Банкі белгілеген қазақстандық теңгеге Пәкістан рупиясының ресми бағамы 0,59 KZT/1PKR (https://www.sbp.org.pk/ecodata/rates/m2m/m2m-current.asp) құрайды.
Қазіргі таңда, екі елдің екінші деңгейдегі банктері, атап айтқанда «Банк ЦентрКредит», «Freedome Bank» және «Meezan Bank», ұлттық валюталарда бұрын құрылған корреспонденттік шоттарды жандандыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Жақын арада аталған ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттар жеке және заңды тұлғалардың өзара операциялар мен есеп айырысулар үшін пайдалануы үшін қолжетімді болады деп күтілуде.