Қазақстан мен Пәкістанның бокс федерациялары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Пәкістанның бокс федерациялары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Исламабад, 2026 жылғы 2 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан бокс федерациясының президенті Ижаз Тунгті қабылдады. Кездесу барысында тараптар қазақстандық мамандардың пәкістандық боксшылар мен жаттықтырушыларға арнап өткізген семинарлары мен шеберлік сабақтарының қорытындыларын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

И.Тунг өткен іс-шараларға жоғары баға беріп, көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді және Қазақстан мен Пәкістанның бокс федерациялары арасындағы байланыстар мен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға зор қызығушылық танытатынын жеткізді.

Өз кезегінде Пәкістан бокс федерациясының басшысы қазақстандық тараптың шақыруына жауап ретінде оқу-жаттығу жиындарын өткізу мақсатында Қазақстанға делегация жіберуге ниетті екенін мәлімдеді.

Өз тарапынан Елші Е.Қыстафин алдағы жоспарларға қанағаттанушылық білдіріп, Пәкістан бокс федерациясымен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Бұдан бөлек, тараптар «Достық» спорт орталығының базасында Пәкістанның бокстан ұлттық чемпионатын ұйымдастыруға уағдаласты.