Қазақстан мен Пәкістанның шахмат федерациялары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Пәкістанның шахмат федерациялары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Исламабад, 2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан шахмат федерациясының жаңадан тағайындалған президенті Зишан Али Наквиді қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі елдің шахмат федерациялары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум мен 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында бірлескен бастамалардың іске асырылу барысын қарастырып, өткізілген және жоспарланған шахматшылар мен жаттықтырушыларға арналған онлайн шеберлік сабақтарының нәтижелері мен алдағы жоспарларын талқылады.

Елші Е. Қыстафин өңірлік деңгейде өзара іс-қимылды нығайту және Пәкістан шахмат федерациясының провинциялық филиалдарын бірлескен жобаларды іске асыруға кеңінен тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Өз кезегінде З.Накви көрсетіліп отырған қолдау мен Пәкістандағы шахматты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан тарапына алғыс білдіріп, сондай-ақ ҚР Елшісін Пәкістанның шахматтан ұлттық чемпионатының ашылу рәсіміне құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды.