Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Исламабад, 11 маусым 2026 жыл – Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Е.Қыстафин мен Пәкістан Премьер-министрінің арнайы көмекшісі, Өнеркәсіп және өндіріс министрі Харун Ахтар Хан мырзамен кездесу өтті.
Кездесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары бойынша жан-жақты пікір алмасу болды. Сонымен қатар, тараптар 2026 жылғы ақпанда ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында жеткен келісімдерді жүзеге асыруға өздерінің адалдығын растады.
Өз тарапынан Х.Хан мырза Қазақстан кәсіпкерлеріне, Пәкістанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және өзара мүдделі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.