Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі жыл сайынғы қайырымдылық гастрономиялық фестиваліне қатысты

Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі жыл сайынғы қайырымдылық гастрономиялық фестиваліне қатысты
Исламабад, 2026 жылғы 3 мамыр - Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі «Серена» қонақүйінің қолдауымен Исламабадтағы шетелдік дипломаттар жұбайлары қауымдастығы (IFWA) ұйымдастырған “Taste the World 2026” жыл сайынғы қайырымдылық гастрономиялық фестиваліне қатысты.
IFWA Пәкістанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдерін біріктіреді және дәстүрлі түрде әлеуметтік бастамаларды қолдау мақсатында қайырымдылық іс-шараларын өткізеді.
Елшілік ұжымы мен қызметкерлердің отбасы мүшелері дәстүрлі қазақ тағамдарын әзірлеп, шара қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.
Фестиваль барысында жиналған қаражат IFWA-ның қайырымдылық жобаларын іске асыруға бағытталатын болады.