Исламабад, 2026 жылғы 3 сәуір - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин шахмат федерациясының президенті Ханиф Куреши мырзаны қабылдады. Ол Қазақстан шахмат Федерациясымен ынтымақтастық шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Х.Куреши мырза Қазақстан тарапының Пәкістандағы шахматты дамытуға қосқан қолдауы мен үлесі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ осы жылы 6-11 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін алдағы Әлем чемпионатына қатысу үшін пәкістандық шахматшылар делегациясын жіберу ниеті туралы хабарлады.