«Табани» компаниялар тобы Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық білдіруде

«Табани» компаниялар тобы Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық білдіруде

Исламабад, 2026 жылғы 31 наурыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «Табани» компаниялар тобының Төрағасы Хамза Табани мырзаны және топтың Атқарушы директоры Хатим Табани мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында Елші пәкістандық бизнесмендерді екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі, ҚР Президенті
Қ.К.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапарының қорытындылары, оның ішінде Қазақстан-Пәкістан Бизнес форумы туралы хабардар етті.

Е.Қыстафин перспективалы инвестициялық жобалар, бизнесті жүргізу мүмкіндіктері мен Қазақстанның экономикалық әлеуеті, экономиканың негізгі салалары және олардың көрсеткіштері, өткен және жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Елші «Табани» компаниялар тобының басшылығын Қазақстанда да, Пәкістанда да іскер топтардың алдағы кездесулеріне белсенді қатысуға шақырды.

Өз тарапынан Хамза Табани мырза өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қолда бар елеулі әлеуетті атап өтіп, өз әсерлерімен және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың көп жылдық тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ жақын арада бизнес-делегация құрамында Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді.