Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мәселесі бойынша республикалық референдум

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мәселесі бойынша республикалық референдум
Исламабад, 2026 жылғы 15 наурыз - Исламабад қаласында орналасқан №424 учаскелік референдум комиссиясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мәселесі бойынша өткізілетін республикалық референдум аясында жұмысын жалғастыруда.
Пәкістан аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.