Исламабад, 2026 жылғы 15 наурыз - Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткізілетін республикалық референдум аясында Исламабад қаласында орналасқан №424 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын бастады.
Пәкістан аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге қатысып, еліміздің болашағы үшін маңызды осы мәселе бойынша өз ұстанымдарын білдіре алады.
Дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіліп, барлық қатысушылар үшін сайлау процесінің ашықтығы, жариялылығы және қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.