Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігінен Мардан қаласындағы сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған орталыққа қайырымдылық көмек

Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігінен Мардан қаласындағы сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған орталыққа қайырымдылық көмек
Мардан, 2026 жылғы 5 наурыз – Қасиетті Рамазан айында Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігі қалыптасқан игі дәстүрді жалғастырып, Мардан қаласындағы сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған орталыққа қайырымдылық көмек көрсетті.
Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының бұрынғы депутаты Бегум Шахин Сайфулла ханыммен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.
Халықтың осал топтарын қолдау Елшіліктің гуманитарлық қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады, және мұндай бастамалар дипломатиялық миссия тарапынан алдағы уақытта да қолдау табатын болады.