Сіздерді Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша республикалық референдумға дауыс беруге қатысуға шақырамыз

Сіздерді Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша республикалық референдумға дауыс беруге қатысуға шақырамыз
Құрметті отандастар!
Сіздерді 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциялық реформасы мәселелері бойынша өтетін республикалық референдумға қатысып, Қазақстан Республикасы Елшілігі жанындағы №424 сайлау учаскесінде дауыс беруге шақырамыз.
Дауыс беруге Пәкістан Ислам Республиксында тұрақты немесе уақытша тұратын, 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.
 Дауыс беруге қатысу үшін аты-жөніңізді, ЖСН мен Пәкістандағы тұру/болу мекенжайыңызды +92 312 747 84 00 WhatsApp нөміріне немесе consul.pakistan@mfa.kz эл.поштасына жолдауыңызды сұраймыз.
Елшіліктің мекен-жайы: House 31, Street 18, Sector F-6/2, Islamabad.
Сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: 07:00-20:00 сағ.
Өзіңізбен бірге ҚР жарамды паспорты болуының қажеттілігін ескертеміз.