Астана мен Исламабад экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық ынтымақтастыққа бағытталған

Астана мен Исламабад экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық ынтымақтастыққа бағытталған

Исламабад, 2026 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафиннің Пәкістанның климаттың өзгеруі және экологиялық үйлестіру мәселелері жөніндегі федералдық министрі Мусаддик Масуд Маликпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2026 жылғы 3-4 ақпанда Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын талқылап, экология саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ведомствоаралық меморандумның қол қойылуын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Министр М. Малик пәкістандық тараптың өзекті экологиялық сын-қатерлерді шешуге бағытталған нақты, практикалық бағдарланған өзара іс-қимыл бағыттарын әзірлеуге мүдделілігін білдірді. Сондай-ақ министр ағымдағы жылғы 22-24 сәуірде Астана қаласында өтетін өңірлік экологиялық саммитке қатысатынын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада бірлескен шараларды келісу мақсатында ведомствоаралық деңгейде келіссөздер ұйымдастыруға уағдаласты.