Қазақстан мен Пәкістан арасындағы құқықтық дипломатияны дамытуда

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы құқықтық дипломатияны дамытуда

Исламабад, 2025 ж. 29 желтоқсан – Қазақстан Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан Жоғарғы Сотының Адвокаттар қауымдастығының президенті Харун ур Рашидпен, сондай-ақ осы ұйымның мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында Елші екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, елдеріміз арасындағы құқықтық саладағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның қолданыстағы құқықтық жүйелерін зерттеу және тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті.

Өз тарапынан Х.Рашид Қазақстан тарапының ұсыныстарын қолдай отырып, екі елдің заң қоғамдастықтары арасында байланыс орнату қажеттігін мәлімдеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар 2026 жылы делегациялардың сапарларын ұйымдастыруға, сондай-ақ қол қою үшін қажетті құжаттарды дайындауға келісті.