
Исламабад, 2025 жылғы 24 желтоқсан – Алматы қ. Әкімінің орынбасары О.Смағұлов мырза және Карачи қ. Комиссары С.Х.Накви мырзамен арасындағы бейнеконференция форматында келіссөздер өтті.
Тараптар Қазақстан мен Пәкістанның екі іскер астанасы арасындағы ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін талқылады, сауда-экономикалық, инвестициялық, білім беру, туристік және мәдени салалардағы өзара іс-қимылды дамытудың перспективалық бағыттары туралы пікір алмасты.
Кездесу барысында Елші Е.Қыстафин Алматы мен Карачи қалаларының екі елдің ірі қаржылық, көліктік-логистикалық және мәдени орталықтары болып табылатынын, Қазақстан-Пәкістан екіжақты ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге және әртараптандыруға ықпал ететін елеулі әлеуетке ие екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Елші алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар туралы хабардар етті және жақын арада екі қаланың жоғары оқу орындары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды жандандыруды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша келесі жылы қолда бар мүмкіндіктерді зерделеу және серіктестіктің нақты бағыттарын айқындау үшін іс-шаралар мен сапарлар сериясын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.