ҚР Елшісі Е. Қыстафиннің Карачи қ. жұмыс сапары туралы

ҚР Елшісі Е. Қыстафиннің Карачи қ. жұмыс сапары туралы

Синд провинциясы, 2025 жылғы 8-9 желтоқсан – Қазақстан Елшісі
Е.Қыстафин Карачи қ. жұмыс сапар барысында Пәкістан әскерінің Фитнес және Спорт Бас директоры генерал-майор А.Рахманидің шақыруымен құрметті қонақ ретінде Пәкістан Олимпиадалық қауымдастығы мен Синд провинциясы Үкіметі ұйымдастырған Пәкістанның 35-ші Ұлттық Ойындарына қатысты.

Ұлттық Ойындар жеңіл атлетика, күрес, гимнастика, желкенді спорт және басқаларын қоса алғанда, 32-ден астам спорт түрлерінің өкілдерін біріктірген елдің маңызды спорттық-бұқаралық іс-шарасына болып табылады.

Ойындар аясында көрермендер мен спортшылардың назарына Қазақ ұлттық күресі – «Қазақ Күресі» ережесі бойынша көрме жиындары көрсетілді.

Өз сөзінде генерал-майор А.Рахмани іс-шараға қатысушылар мен көрермендерді Пәкістанда күрестің осы түрін дамыту, жақын арада бүкіл ел бойынша Федерация филиалдарының желісінің ашылуымен «Пәкістанның Қазақ Күресі Федерациясын» тіркеу ниеті туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі Карачи қ. іскер топтарымен, оның ішінде «TCS» логистикалық компаниясының негізін қалаушы және Басқарма Төрағасы Халид Наваз Аван мырзамен, «Tabani Group» холдингтік компаниясының Басқарма Төрағасы және Бас директоры Хамза Табани мырзамен және «M.H. Dadabhoy» компаниялар тобы Басқарушы директоры Фазал Кәрім Дадабой мырзамен тұлғасында ірі бизнес өкілдерімен мазмұнды кездесулер өткізді.

Өткен кездесулер барысында екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды одан әрі арттыру, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2026 ж. Қазақстанға бару үшін Карачи қ. кәсіпкерлер делегацияларын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.