
Исламабад, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Ұлттық ғылым және технология университетінде (NUST) Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «Қазақстан-Пәкістан екіжақты қатынастары: ынтымақтастықтың жаңа бағыттары» тақырыбында дәріс оқыды.
Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылық құрамы, сарапшылар, сондай-ақ NUST студенттері қатысты.
Өз сөзінде Е. Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі туралы жан-жақты баяндап, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды дамыту перспективаларына ерекше тоқталды.
Елші академиялық әріптестікті нығайту екі елдің әрі қарай жақындасуының маңызды тетігі екенін атап өтіп, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Сондай-ақ Елші көлік-логистика саласына жеке тоқталып, Қазақстан, Орталық Азия және Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетудегі бұл бағыттың айрықша маңызын атап өтті және осы жұмыстың негізгі бағыттарымен бөлісті.
NUST студенттері өңірлік қауіпсіздік, көлік өзара байланыстылығы, инновациялық даму және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы жастардың рөлі жөніндегі мәселелерге жоғары қызығушылық танытты.
Елшілік дәрісті ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен қонақжайлығы үшін NIPS NUST ынтымақтастықты дамыту жөніндегі директоры мырза Амир Якубқа және д-р Ашфақ Хасан Ханға алғыс білдіреді.