
Синд провинциясы, 2025 жылғы 25-26 қараша – ҚР Сауда және интеграция министрлігі Директорының м.а. А.Тайшиков пен «QazTrade» сауда саясатын дамыту Орталығының Басқарушы директоры Б.Ахметов бастаған Қазақстан бизнес-делегация Карачи қ. өткен «FoodAg2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысты.
Аталағн іс-шараға 300-ден астам пәкістан ауылшаруашылық тауар өндірушілері, сондай-ақ әлемнің 80 елінен 800-ден астам сауда компаниялары қатысты.
Қазақстан делегация құрамына ауыл шаруашылығы, IT, құрылыс, сондай-ақ көлік-логистика салаларын ұсынатын 20 компания кірді.
Елшілік пен Қазақстан бизнес-қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту шеңберінде Елші Е.Қыстафин делегация мүшелерімен кездесу өткізіп, оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолда бар әлеует туралы айтып, Пәкістан нарығына белсенді кіруге шақырды және нақты жобаларды талқылады.
Кездесуге сондай-ақ «TCS» ірі көліктік-логистикалық компаниясы Даму жөніндегі бас маман Ахмед Зафар мырза қатысты, ол отандық бизнесмендерге Пәкістанмен импорттық-экспорттық операцияларды логистикалық сүйемелдеу бойынша перспективалар мен мүмкіндіктерді таныстырды.
Қазақстанның Елшілігі Пәкістанның Сауданы Дамыту Агенттігі мен Пәкістанның Сауда-өнеркәсіп Палаталары Федерациясының басшылығымен келіссөздерді ұйымдастыруға, сондай-ақ Пәкістан бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен В2В кездесулерін ұйымдастыруға жәрдем көрсетті.