Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Исламабад, 2025 жылғы 23 қараша – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі жанындағы Әйелдер қауымдастығы (PFOWA) ұйымдастырған жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхақ Дар болды.
Елшілік ұжымы мен олардың отбасы мүшелері ұлттық, қазақ тағамдарын дайындап, ұлттық символика мен ою-өрнектер бейнеленген түрлі бұйымдар ұсынды.
Елшілік қызметкерлерінің балалары Қазақстанның Мемлекеттік Туын ұстап, «Ұлттар шеруіне» қатысты.
Іс-шара барысында жиналған қаражат Пәкістан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Әйелдер қауымдастығының қайырымдылық жобаларына жұмсалды.