Исламабад, 2025 жылғы 7 қазан – Пәкістанның беделді талдамалық орталықтарының біріне жататын Исламабад Саяси зерттеулер институтында (Islamabad Policy Research Institute, IPRI) «Болашақты бірге құру - Қазақстан Президентінің алдағы сапары алдында қазақстандық-пәкістандық қарым-қатынастарды дамыту болашағы» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс шараға талдамалық орталықтардың, Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар министрлігінің басшылары, озық БАҚ және т.б. қатысты.
Іс шараның Құрметті қонағы ретінде Пәкістанның Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар Федералдық министрі Шаза Фатима Хаваджа, сондай-ақ Пәкістанның бұрынғы Ақпараттық және телерадио хабарларын тарату министрі, ПИР Парламенті Сенатының Қорғаныс комитетінің бұрынғы төрағасы Мушахид Хусейн Сайед сөз сөйледі.
Қазақстандық тараптан іс-шараға онлайн форматта қатысу үшін ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының, сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталықтың талдаушылары шақырылды.
Пәкістан тарапынан спикерлер ретінде Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, Халықаралық қатынастарды ілгерілету институтының (IPRI) және Біртұтас тағдыр қауымдастығы зерттеу орталығының (PRCCSF) басшылығы қатысты.
Іс шара барысында тараптар ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауының ережелерін, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII сезінің қорытындыларын, сондай-ақ қазақстандық-пәкістандық екі жақты қарым қатынастарды дамыту қарқынын талдады.
Елші Е.Қыстафин өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушыларды екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттарымен, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытумен таныстырып, өткен және 2025 жылға жоспарланған іс-шараларға тоқталды.
Өз кезегінде спикерлер Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға беріп, елдің жасанды интеллектті дамытуға, сондай-ақ мемлекетті өңірлік көлік-логистикалық хабқа айналдыруға бағытталған ұмтылыстарын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда Пәкістанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы да атап өтілді.
Дәлірек, Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бойынша бас директоры Хасан Али Зайгам Қазақстан Пәкістан үшін аймақтағы стратегиялық әріптес екенін атап өтіп, Исламабадтың Қазақстан-Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан бағыты бойынша теміржол салу бастамасын табанды түрде қолдайтынын айтып, ел басшылығы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді.
Астанада өткен діни саммитке келсек, Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын білдіріп, жалғасып жатқан конфессияаралық қақтығыстар жағдайында қазіргі халықаралық аренадағы ахуал кезіндегі оның өзектілігіне тоқталды.
Қазақстанның сыртқы саясаты туралы айта отырып, спикерлер оның шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сындарлы, өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға бағытталған прагматикалық және теңгерімді сипатын атап өтті.