Пәкістанның іскерлік қауымдастығы Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуді көздеп отыр

Пәкістанның іскерлік қауымдастығы Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуді көздеп отыр

Исламабад, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының вице-президенті Тарик Джадун мырза бастаған Пәкістанның іскерлік қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Елші Е.Қыстафин Қазақстанда бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы, соның ішінде инвестициялық және экспорттық қызметті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туарлы айтып берді.

Сонымен қатар, Е.Қыстафин екі ел арасындағы, әсіресе өңірлік деңгейдегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Тарик Джадун мырза пәкістандық бизнес қауымдастығының Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын растады, сондай-ақ екіжақты іс-шараларға қатысу ниетін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанға бизнес-делегацияның сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.