Қазақстан мен Пәкістан білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Пәкістан білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Исламабад, 2025 жылғы 22 қыркүйек – ҚР ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістан Федералдық білім беру және кәсіптік даярлау министрлігінің мемлекеттік министрі ханым Ваджиха Камармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар білім саласындағы, әсіресе жоғары және орта білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Өзара тиімді бастамаларды жүзеге асырудың нақты бағыттары ұсынылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар осы жылы Пәкістан делегациясының Астанаға сапарын ұйымдастыруға келісімге келді.