Исламабад, 2025 жылғы 10 қыркүйек – ҚР-ның ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Д.Бимов бастаған KIT Халықаралық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
Іс-шараға сондай-ақ ҚР-дың ПИР-дағы Сыртқы сауда палатасының өкілі Д.Альтаев қатысты. Кездесу барысында Е.Қыстафин Пәкістанның экономикалық әлеуеті, негізгі экономикалық салалары және олардың көрсеткіштері, сондай-ақ жыл ішінде жоспарланған, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жөнінде хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша KIT қазақстандық делегациясының Пәкістанға сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.