Пәкістанның ірі көлік-логистикалық компанияларының басшыларымен кездесу туралы

Пәкістанның ірі көлік-логистикалық компанияларының басшыларымен кездесу туралы

Исламабад, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның халықаралық жол тасымалдары палатасының (TIR, Transports Internationaux Routiers) басшылығымен және ірі көлік-логистикалық компанияларының топ-менеджментімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Е.Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы халықаралық көлік дәліздерін жолға қою аясында ынтымақтастықты дамыту жөнінде Елшілік жүргізіп жатқан жұмыс туралы ақпарат берді. Елші Қазақстанның орта мерзімді жоспарларымен бөлісіп, екі ел арасындағы өсіп келе жатқан тауар айналымын атап өтті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, тоқыма өнеркәсібі және басқа да салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға екі елдің іскер қауымдастықтарының қызығушылығы артып келе жатқанын баса айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Пәкістанның көлік-логистикалық компаниялары өкілдерінен құралған делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.