Қазақстан мен Пәкістан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті

Қазақстан мен Пәкістан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті

Исламабад, 2025 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасының Сауда министрлігі арасында бейнеконференция форматында ведомствоаралық консультациялар өтті. Кездесуге Қазақстан тарапынан вице-министр А.Әбілдабеков, Пәкістан тарапынан министрдің орынбасары Н.Хамид  төрағалық етті.

Кеңес барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, электрондық коммерция, транзиттік сауда жөніндегі үкіметаралық келісім жасасу, «QazTrade» және «TDAP» сауда агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ биыл Пәкістанда іскерлік және сауда іс-шараларын өткізу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған іс-қимыл жоспарын келісті.