Исламабад, 2025 жылғы 7 тамыз – Оңтүстіктің тұрақты дамуы мақсатындағы ғылым және технологиялар жөніндегі комиссиясының (COMSATS) атқарушы директоры доктор Мұхаммад Нафис Закарияның шақыруымен Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Е.Қыстафин Түрікменстан, Марокко, Сирия және Йемен Елшілерімен бірге ағаш отырғызу салтанатына қатысты.
Іс-шара аясында COMSATS-пен ынтымақтастықты дамыту және нығайтудың болашағы талқыланды.
Салтанат қорытындысы бойынша Қазақстан мен COMSATS арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі арттыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.