
Исламабад, 2025 жылғы 24 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин «Қазақстан - менің екінші Отаным» қазақстандық ЖОО түлектері қауымдастығының мүшелерін қабылдады.
Қазақстан Елшісі кездесу барысында Елшіліктің Қазақстан мен Пәкістанның білім және ғылым саласындағы уәкілетті органдарымен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді. Оқу орындарында студенттерді қабылдаудың қолайлы жағдайлары мен транспарентті ережелерін жасау мақсатында екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы жүйелі өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылғаны атап өтілді.
Қауымдастық өкілдері аталған жоспарларға толық қолдау білдіріп, білім беру саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.