Исламабад, 2025 жылғы 1 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «Liven Pharma» фармацевтикалық компаниясының Бас директоры Каашиф Хуссейн мырзаны қабылдады.
Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салаларына ерекше назар аудара отырып, Қазақстан аумағында бизнесті дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.
Елші Е.Қыстафин сұхбаттасушыны инвестициялық қызмет пен экспортты мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, сондай-ақ елдегі қолайлы іскерлік ахуал туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Өз тарапынан Каашиф Хусейн мырза Қазақстанмен іскерлік байланыс орнатуға қызығушылық білдіріп, жақын арада сапармен бару ниетін растады.
Компания басшысы «Liven Pharma» Пәкістан қор биржасында ресми тіркелгені туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық үшін перспективалық бағыттарды зерделеу мақсатында делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.