Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты жүйелеуде

Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты жүйелеуде

Исламабад, 2025 ж. 11 маусым - Қазақстан Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Мемлекеттік білім және кәсіптік даярлық министрі У.Қамар ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Елші Е.Қыстафин Министрді осы жылы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының сапарлары туралы хабарлап, оның барысында Пәкістанның жоғары білім беру комиссиясының, сондай-ақ еліміздің жоғарғы университеттерінің басшылығымен келіссөздер жүргізілгенін мәлімдеді.

Ақпаратпен алмасу, жүйелі тәсілдерді әзірлеу және екі елдің жастары үшін қолайлы орта құру мақсатында Қазақстан мен Пәкістанның уәкілетті мемлекеттік органдары мен жоғары оқу орындары арасындағы тікелей өзара іс-қимылды дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, У.Қамар Қазақстанның мектептегі білім беру саласындағы тәжірибесін, қолданыстағы стандарттар мен жүйелерді зерттеуге қызығушылық танытты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша биылғы жылы білім беру мәселелері жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының 1-ші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.