Спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастық

Спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастық

Исламабад, 2025 ж. 4 маусым - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Провинцияаралық үйлестіру Министрінің бірінші орынбасары (Федералдық хатшы) Мохюдин Ахмад Уани мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Елші Е. Қыстафин ү.ж. 29 сәуірде Исламабад қаласында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысының негізгі қорытындылары туралы хабарлады.

Қол қойған спорт саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға, сондай-ақ екі елдің спорт федерациялары мен туроператорлары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі уағдаластықтарға ерекше назар аудары.

Сонымен қатар, тараптар білім беру саласындағы, атап айтқанда жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Федералдық хатшы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты арттыру үшін қолда бар әлеуетті атап өтті.

Өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Федералдық хатшы аталған жоспарларға қолдау білдіріп, Министрлік тарапынан қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.