2025 жылғы 26-30 мамыр аралығында Исламабад және Лахор қалаларына ректор Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова бастаған ҚР жетекші жоғары оқу орындарының бірі «Астана медицина университетінің» делегациясы келді.
Сапар барысында Пәкістанның жетекші медициналық университеттерінің – «Ұлттық медицина ғылымдары университетінің» (НУМС), «Равалпинди медициналық университетінің»(RMU), «Шиф Тамир-е-Миллат университетінің»(STMU), «Кинг Эдвард медициналық университетінің» (KEMU), Пенджаб университетінің, Лахордағы денсаулық ғылымдары университетінің (UHS), сондай-ақ ең ірі Исламабад клиникаларының бірі – «Маруф» халықаралық клиникаларының бірі – басшылығымен кездесулер өтті.
Сонымен қатар, Пәкістанның жоғары білім жөніндегі комиссиясының төрағасы доктор Мұхтар Ахмедпен, Пенджаб провинциясының білім министрі Рана Сикандар Хаятпен, Пәкістанның Медициналық және стоматологиялық кеңесінің (PMDC) өкілдерімен, сондай-ақ ИЫҰ ғылыми және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) бас үйлестірушісі профессор доктор Икбал Чаудримен келіссөздер жүргізілді.
Өткен келіссөздер барысында тараптар медициналық зерттеулер, студенттермен, профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу, оқу бағдарламаларын зерделеу және т. б. салалардағы өзара іс-қимыл мүмкіндігін зерделеу мақсатында медициналық оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын талқылады. Осыған байланысты тараптар медициналық жоғары оқу орындары мен денсаулық сақтау ұйымдары арасында тікелей байланыс орнату қажеттігін атап өтті.
Қазақстанда пәкістандық студенттердің көп саны білім алатынын ескере отырып, академиялық ұтқырлықты дамыту, Пәкістанның медициналық оқу және емдеу мекемелерінде интернатура ұйымдастыру, онлайн немесе офлайн дәрістер өткізу және т. б. мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, тараптар ҚР және ПИР ЖОО-на түсу үшін екі елдің азаматтарын іріктеудің транспарентті және әділ жүйесін құру мақсатында ынтымақтастықты жолға қоюға өзара мүдделілік білдірді.
Қазақстан елшілігі Пәкістанның Жоғарғы оқу орындарымен кездесулерді ұйымдастыруда көрсеткен сыпайы көмегі үшін ПИР жоғары білім беру Комиссиясының төрағасы доктор М.Ахмедке шын жүректен алғысын білдіреді.