ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулдығының қолдауымен Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның Гонконгқа сапары өтті.
Сапар барысында, Гонконг Көлік-логистикалық бюросы директорының орынбасары Келвин Ма мен Гонконг әуежайының бас директоры Вивьен Ченг, сондай-ақ, аймақтың жетекші әуе компаниялары – «Hong Kong Airlines», «Cathay Pacific» және «Hong Kong Air Cargo» басшыларымен кездесулер өтті.
Келіссөздер барысында, Гонконг әуе компанияларының 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалана отырып, Алматы мен Астана қалаларына жолаушы рейстерін ашу және Қазақстан мен Гонконг арасындағы әуе жүк тасымалдарын арттыру жоспарлары талқыланды.