«GX Foundation» ұйымымен келіссөздер туралы

«GX Foundation» ұйымымен келіссөздер туралы

2025 ж. 10 сәуірде ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аудандарындағы Бас консулы Алмас Сейтақынов «GX Foundation» ұйымының атқарушы директоры Эмили Чанмен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында Э.Чан ұйымының жұмысымен таныстырып, қазақстандық серіктестерімен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Келіссөздердің нәтижесінде, тараптар «GX Foundation» басшылығының Қазақстанға сапарын жақын болашақта ұйымдастыруға және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен байланыс орнатып, медицина саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қол жеткізді.