Наурыз мерекесі Гонконг «PolyU» университетінде өтті

Наурыз мерекесі Гонконг «PolyU» университетінде өтті

Гонконгтық «PolyU» университетінде ҚР азаматтарының, студенттер мен шетелдік азаматтардың қатысуымен «Наурыз» мерекесі өтті.

Іс-шара барасында қонақтардың қатысуымен концерт, ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар Қазақ халқының бай мәдениеті, салт-дәстүрлері мен Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер түрлі күйлер, әндер мен билер орындады.

Сонымен қатар, шетелдік азаматтар қазақстандық тағамдардың дәмін тәтті.