
Алматы қаласында «EdUHK – қазақстандық білім беру академиясының» және озық тәжірибе орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бұл іс-шара Гонконг білім академиясының, Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚазҰҚПУ-дың Академиялық ортаны жақсартуға және жаһандық ауқымда тұрақты білім беру тәжірибесін дамытуға бағытталған бастамасы негізінде жүзеге асып отыр. Қазақстандық білім беру академиясы халықаралық білім мен тәжірибе алмасуға, озық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік беретін болады.
Озық тәжірибе орталық еліміздің жоғары оқу орындары мен педагогикалық қоғамдастығы үшін үлгі болып, Қазақстанды Орталық Азияның білім беру ордасы ретінде танытуға септігін тигізетіні анық.