Сәтбаев атындағы қазақстандық университет пен Гонконг «City» университет арасындағы ынтымақтастық жандануда

Сәтбаев атындағы қазақстандық университет пен Гонконг «City» университет арасындағы ынтымақтастық жандануда

2024 жылғы 17 сәуірде ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулдығының қолғабысымен Сәтбаев атындағы қазақстандық университет Гонконгтың қалалық университетімен (CityU) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында оқу орындары бакалавриат студенттерімен алмасу бағдарламаларын әзірлеуге, бірлескен зерттеу қызметіне, оқытушылармен алмасуға және «Болашақ» бағдарламасы бойынша персоналды даярлау бағдарламаларына бағытталатын болады.  

Бұл уағдаластық ҚР ҒЖБМ, Сәтбаев университеті мен CityU арасында қол жеткізілген стратегиялық әріптестіктің жалғасы болып табылады.