ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Гонконгқа сапары өтті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Гонконгқа сапары өтті

2024 жылғы 2-3 сәуірде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ҚХР Гонконгқа сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында С.Нұрбек Екінші жаһандық инновациялық және технологиялық саммитке қатысып, қатысушыларды Қазақстандағы цифрландыру, «IT», жаңа технологиялардың дамуы және осы салалардағы оқыту бағдарламаларымен таныстырды.

Іс-сапар барысында С.Нұрбектің ҚХР Гонконгтың білім хатшысының міндетін атқарушы Земун Джефпен кездесті. Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Министр елімізде білім беру саласында қабылданып жатқан шаралармен, оқыту бағдарламалары және студенттерді шетелге білім алу үшін жолдау мүмкіндіктерімен таныстырды, сондай-ақ қазақстандық Сатбаев университеті мен Гонконг қалалық университеті (CityU) арасындағы ынтымақтастықтың дамуын құптады.

Сонымен бірге, Министр Саясат Нұрбектің CityU Гонконг қалалық университетінің басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Министр С. Нұрбек CityU кітапханасына қазақстандық жазушылардың, соның ішінде Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уәлихановтың және т.б. қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі кітаптарын, сондай-ақ Қазақстанның табиғаты, туристік көрікті жерлері туралы кітаптарды сыйға тартты.

Сондай-ақ, осы сапар аясында Министр С. Нұрбек гонконгтік ЖОО-да оқитын қазақстандық студенттермен кездесті.