ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулдығы «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Ж.Темірғалидің Гонконгқа сапарын ұйымдастырды

ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулдығы «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Ж.Темірғалидің Гонконгқа сапарын ұйымдастырды

2023 жылғы 12-13 қыркүйекте ҚР Бас консулдығы Гонконг САР және Макао, ҚХР-да «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Төрағасының орынбасары  Ж.Темірғалидің Гонконгқа сапарын ұйымдастырды. Сапар барысында  Ж.Темірғали 2019 жылдан бері офлайн форматта алғаш рет ұйымдастырылған «Бір белдеу, бір жол» 8-ші Саммитіне қатысты.

Сонымен қатар, ү.ж. 12 қыркүйекте Бас консулдық Гонконгтың өнеркәсіп федерациясымен (FHKI) бірлесіп ұйымдастырған бизнес-семинар өтті. Іс-шараға инвестициялық қорлар мен Гонконгтың ірі компанияларының 40-тан астам өкілдері қатысты. Семинар барысында Ж.Темірғали сөз сөйлеп, бизнес-қоғамдастықты ҚР инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, инвесторлар мен қытайлық кәсіпкерлерді белсенді ынтымақтастыққа шақырды. Семинар қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға және жақын арада елге келуге дайындығын білдірді.

Ү.ж. 13 қыркүйекте Саммит алаңында «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ-ның Гонконгтың бас палатасымен (HKGCC) және «FHKI»-мен Ынтымақтастық дамыту туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Осындай құжаттарға қол қою Қазақстан мен Гонконг ынтымақтастығының соңғы  5  жылында алғаш рет орын алды. Меморандумдар тығыз коммерциялық байланыстарды дамыту және Қазақстан экономикасына инвестицияларды ұлғайту үшін негіз жасайды.

Сонымен қатар, Саммиттің көрме барысында Бас консулдық елдің инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған стенд ұйымдастырды. Көрме барысында шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер Қазақстандағы бизнес-мүмкіндіктерге аса қызығушылық танытты, сондай-ақ түрлі жобалар бойынша келіссөздерді бастауға дайын екендіктерін дәлелдеді.