«Ұлы Дала» кітаптар сериясын шығаруға арналған халықаралық конкурс

«Ұлы Дала»  кітаптар сериясын шығаруға арналған  халықаралық конкурс

«Отандастар қоры» КеАҚ, Қазақстан Жазушылар одағы және Бас демеуші  "Фолиант" баспасы кезінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы кітапханасының «Шетелдегі қазақтар» айдарымен шығарылған кітаптардың сабақтас жалғасы ретінде тағдырдың талайымен әлемнің әр қиырына қоныс аударған қандастардың көші-қон тарихы және алыс-жақын шет елдерді мекен еткен этникалық қазақтардың сан қилы өмір жолы, салт-дәстүрлері, әдебиеті мен мәдениеті, өнері жайында жазылған публицистикалық шығармалар, естелік-эсселер, көркем әдеби туындылар, өлең-жырлар мен ғылыми-зерттеулерді жаңа жинақ ретінде жарыққа шығару мақсатында қандас қаламгерлер, зерттеуші ғалымдар мен журналисттер арасында байқау жариялайды.

Байқаудың басты шарттары:
1.Қазақстанда кітап түрінде жарық көрмеген болуы қажет
2.Бірлескен авторлардың шығармалары
3.Құрастырылған жинақтар
4.Құндылығына қарай басқа тілдерде жазылған шығармалар да болуы мүмкін

Басты талаптар төмендегідей:
- Шығармалар қазақ (кириллица) тілінде жолдануы тиіс. 
- Шетелдерде төте жазуымен, латын әрпімен жарық көрген шығармалар, қазылар алқасының шешімімен үздік деп табылса, жеке жинақ ретінде басылады.
- Баспадан шығатын әр кітап саны - 500 дана. 
- Авторлық дана - 100. 
- Конкурсқа автордың аты-тегі, шыққан тегі туралы қысқаша мәліметті, байланыс телефонын жазып, jpeg форматта фотосы жөнелтілуі тиіс. 
- Шығарманың толық мәтіні Times New Roman, кегль 14, PDF форматта болуы керек.

Авторлар шығарманы конкурсқа жібере отырып, осы жұмысқа авторлық құқықтың берілуіне кепілдік береді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақтың рухани қазынасын байытатын әдеби шығармалар жарық көріп, өскелең ұрпаққа өнегелі мұра болып қалуы тиіс.

Конкурсқа қатысу туралы өтінім мен әдеби шығармалар 2023 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, «Отандастар қоры» КеАҚ, oqbilim@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі тиіс.