ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулы А.Сейтақыновтың ҚХР Сыртқы істер министрінің Макаодағы комиссары Лю Сянфамен кездесуі туралы

ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулы А.Сейтақыновтың ҚХР Сыртқы істер министрінің Макаодағы комиссары Лю Сянфамен кездесуі туралы

2023 ж. 25 мамырда ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулы Алмас Сейтақынов ҚХР Сыртқы істер министрінің Макаодағы комиссары Лю Сянфамен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Макао арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Макао тұрғындарын Қазақстанның инвестициялық және туристік мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында, қалада әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндігіне қол жеткізілді.