ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулдығы қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі кескіндеме мен өнерді дамытуға арналған көрмеге қатысты

ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулдығы қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі кескіндеме мен өнерді дамытуға арналған көрмеге қатысты

2023 жылғы 24 мамырда ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулдығы қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі кескіндеме мен өнерді дамытуға арналған көрмеге қатысты (іс-шара ү.ж. 27 мамырға дейін жалғасады).

Іс-шараның салтанатты ашылуында ҚР Бас консулы Алмас Сейтақынов сөз сөйлеп, қатысушыларды қазақ халқының бай мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырды, сондай-ақ елімізде туризмді дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Көрме барысында Бас консулдық ұлттық павильон ұйымдастырып, отандық жазушылардың (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов және т.б.) ағылшын және қытай тілдеріндегі кітаптарды, ұлттық аспаптар мен өнімдерді және «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры ұсынған мүмкіндігі шектеулі қазақстандық балалар салған картиналарды көрсетті.