Мемлекет басшысы Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне онлайн режимде қатысты.

Мемлекет басшысы салтанатты рәсімге қатысушыларды құрылыстың басталуымен құттықтап, аталған жобаның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын Астанада Си Цзиньпин мырза Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуін құруды ұсынған. Бүгінгі іс-шара Қытай төрағасының сол бастамасымен толық үндеседі. Қазақстан көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән береді. Сол себепті Қазақстан жаһандық жобаға барынша қолдау көрсетті.