Гонконгтың орталық кітапханасында кездесу

Гонконгтың орталық кітапханасында кездесу

2022 жылғы 25 қарашада ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ға Бас консулы Сейтакынов Алмас Гонконг қаласының орталық кітапханасының Директоры Мелинда-мен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Гонконг қаласының орталық кітапханасының Қазақстан кітапханаларымен ынтымақтастығының перспективаларын, сондай-ақ гонконг тарапының сирек кездесетін және тарихи кітаптар мен қолжазбаларды сақтау және цифрландыру жөніндегі тәжірибесін зерделеу мүмкіндігін талқылады.

Тараптар кітапхананың шет тілдерінде өзін өзі оқыту бағдарламасына алғаш рет қазақ тілін енгізуге келісті.

Кітапхана қорына атақты қазақстандық жазушылардың (А.Құнанбаев, М.Әуезов, М.Мақатев және т. б.) кітаптары, сондай-ақ қазақстандық халық әндері мен күйлер жинағы ұсынылды.

* Гонконг қаласының орталық кітапханасы Қытайдағы ең үлкен және оқырмандармен ең көп баратын кітапхана болып табылады (жылына 1 миллионнан астам азаматтар келеді). Кітапхана қорында 2,5 млн. астам кітап пен көне қолжазбалар сақталған.

Кітапханада шет тілдерінде өзін-өзі оқыту бағдарламасы жұмыс істейді, оған сәйкес барлық тілек білдірген азаматтар түрлі тілдерді үйрене алады. Бұл бағдарламада әлемнің 70-тен астам мемлекеттердің тілдері ұсынылған