ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-дағы Бас консулдығы Халықаралық мәдени-этникалық фестиваліне қатысты

ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-дағы Бас консулдығы Халықаралық мәдени-этникалық фестиваліне қатысты

2022 ж. 13 қарашада ҚР-дың Бас консулдығы Гонконг Үкіметінің мәдениет департаменті ұйымдастырған Халықаралық мәдени-этникалық фестиваліне қатысты.

Іс-шараға Гонконгта аккредиттелген 20-дан астам дипломатиялық миссиялар, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері мен мәдениет қайраткерлері атсалысты.

Фестиваль барысында мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылып, студенттер қазақ халқының әндері мен билерін орындады.

Сонымен қатар, Бас консулдықпен ұлттық стенд орнатылып, белгілі қазақстандық жазушылардың кітаптары (А.Құнанбаев, М.Әуезов, А.Байтұрсынов және т. б.), сондай-ақ ұлттық музыкалық аспаптар, өнер өнімдері мен суреттер көрсетіліп, көрме қатысушыларына қазақ халқының мәдениеті және дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берілді.

* Халықаралық мәдени-этникалық фестиваль алғаш рет 2019 жылдан бастап Гонконгтың орталық алаңында өтті. Іс-шараға Гонконг Үкіметінің Мәдениет, спорт және туризм министрінің орынбасары Р.Лаучун, Демалыс және мәдени қызметтер бюросының директоры В.Луминг-квонг, қаланың 20 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Фестиваль Гонконг бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.