ҚР азаматтарымен кездесу туралы

ҚР азаматтарымен кездесу туралы

2022 ж. 12 қарашада ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулы Алмас Сейтақынов ҚР азаматтарымен, оның ішінде Гонконг қаласының университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында азаматтарға елде жүргізіліп жатқан реформалар, алдағы кезектен тыс президенттік сайлау, шетелдік азаматтардың Гонконгта болу ережелері, көрсетілетін консулдық қызметтер мен консулдық есепке тұрудың маңыздылығы бойынша түсініктеме жүргізілді.

Сонымен қатар, «QazaqSociety» студенттер қауымдастығының өкілдері жаңадан келген студенттерге Гонконг университеттерінің оқу үдерісімен, сондай-ақ түрлі мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу бойынша жоспарларымен бөлісті.